04.06.2014, 23:38 3023

2050 жылға қарай Қазақстан биоқалдықтардың бөлек жиынын 80%-ға дейін жеткізбек- ҚОСРМ

Қазақстанда 2020 жылы биоқалдықтардың үлесін 10%-дан бастап 2050 жылға қарай бөлек жиыны көрсеткішін 80%-ға дейін арттыру жоспарланған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда 2020 жылы биоқалдықтардың үлесін 10%-дан бастап 2050 жылға қарай бөлек жиыны көрсеткішін 80%-ға дейін арттыру жоспарланған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

"Мамырдың соңында Үкімет 2050 жылға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалану жүйесін жаңғырту бағдарламасын мақұлдады. Бұл қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) секторындағы күрделі жағдайды шешу қажеттілігін туғызды. Сонымен қатар, республика бойынша қалдық шығару көлемінің артуына тосқауыл қою қажеттілігін туындатты", - дейді Н.Қаппаров.

Сонымен қатар, ведомство басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстанда қалдық көздерінде ҚТҚ бөлек жинауды ұйымдастыруға жүйелі әдістің жоқтығы байқалуда. "Нәтижесінде екінші қайтара шикізат пайдаланылмайды", - дейді ол.

"Бағдарламаның негізгі мақсатты индикаторларына келер болсақ, онда 2020 жылы биоқалдықтардың үлесін 10%-дан бастап 2050 жылға қарай бөлек жиыны көрсеткішін 80%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр", - дейді министр.

Аталмыш қалдық түрлері қоқыстардың өртенуі мен қоршаған ортаны ластаудың басты себебі болып табылады, деді министр.

"Бағдарламаның тағы бір мақсаты - қалдықтардан шығарылатын "жасыл" энергия үлесін арттыру. 2020 жылы 5 пайыздық көрсеткішпен бастап 2050 жылы қоқыстардан өндірілетін қуаттың үлесін 30%-ға дейін көтеретін боламыз", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны