14.12.2012, 13:42 3269

2050 жылға қарай шағын және орта бизнес ел экономикасының басымдығы болады - Елбасы

"Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 2030 жылға қарай екі есе өсуі тиіс. Ал 2050 жылға қарай бұл сектор басымдықты болады", - деді Мемлекет басшысы.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес ел экономикасының басымдығы болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін елордадағы "Астана Опера" жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан халқына Жолдау арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 2030 жылға қарай екі есе өсуі тиіс. Ал 2050 жылға қарай бұл сектор басымдықты болады", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Елбасының атап өтуінше, шетелдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бизнестің кәсіпкерлік палатасына шоғырлануы экономика дамуының басты маңызды факторы болып табылады.

"Сондықтан да Үкіметтің сенімді, құзіретті әріптесі болып табылатын жаңа ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесмендердің міндетті мүшелігін енгізу мақсатты болып табылады. Бұл қазақстандық бизнесті, оның ішінде шағын және орта бизнесті де экономиканы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға кеңінен қатыстыруға мүмкіндік береді", - деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны