30.06.2015, 16:16 7674

22-24 маусымда Қазақстан Елшісі Ержан Қазыхановтыӊ Ирландияға сапары болып өтті

Сапардыӊ мақсаты - Қазақстан және Ирландия ынтымақтастығын кеӊейту, Қазақстан экономикасына жаӊа инвестициялар тарту, бірлескен экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасау болды

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - Сапардыӊ мақсаты - Қазақстан және Ирландия ынтымақтастығын кеӊейту, Қазақстан экономикасына жаӊа инвестициялар тарту, бірлескен экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасау болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сапар барысында Елші Е. Қазыханов Ирландия Президенті М. Хиггинске сенім грамотасын тапсырып, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ сәлемін жеткізді.

Ирландия басшысымен кездесу кезінде Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы байланыстарды кеӊейтудіӊ және нығайтудыӊ маӊыздылығын атай келе, оларды екіжақты құқықтық базаны кеӊейту арқылы іске асыруға болатындығына тоқталды. Ол екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтыӊ экономикалық және саяси әлеуетініӊ жоғары екендігін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде М. Хиггинс Қазақстанныӊ Мемлекет басшысыныӊ жетекшілігімен қарқынды дамып келе жатқандығына, сонымен бірге Қазақстанныӊ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне жоғары баға берді. Сондай-ақ Ирландия Президенті екіжақты тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударды.

Дублинге сапар аясында Елші Е. Қазыханов Ирландия ауыл шаруашылығы министрі С. Ковенимен, Ирландия сыртқы істер министрлігініӊ Бас хатшысы Н. Берджесспен және саяси директоры Б. Робинсонмен, Ирландия Парламенті халықаралық істер және сауда жөніндегі Біріккен комитетініӊ төрағасы П. Бринмен және Ирландияныӊ іскер топтар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Өткізілген кездесулер барысында Елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды атап өтті. Ол біздіӊ еліміздіӊ Орталық Азиядағы экономикалық дамудыӊ локомотивіне, көптеген халықаралық жобалардыӊ бастамашысына, тұрақтылық пен интеграциялық процестердіӊ орталығына, сондай-ақ жаһандық экономикалық және мәдени іс-шаралар өткізілетін орынға айналғандығын ерекше атап өтті.

Е. Қазыханов ирландиялық саяси және іскер топтарды ҚР Президенті Н.И. Назарбаев ұсынған бес реформамен және оларды жүзеге асыруға бағытталған 100 қадаммен таныстырды.

Ирландия басшылығы мен іскер топтар өкілдері Қазақстанныӊ Орталық Азиядағы рөлін, оныӊ бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы күш-жігерін атап өтті және еліміздіӊ халықаралық бастамаларын жоғары бағалады. Сонымен қатар, ирландиялық компаниялар бірлескен экономикалық және инвестициялық жобаларды іске асыруға үлкен қызығушылық танытты.

Сапар барысында Елші Е. Қазыхановтыӊ Қазақстаннан асырап алынған балалардыӊ ирландиялық ата-аналарымен және Ирландияныӊ асырап алу жөніндегі Агенттігініӊ төрағасы Дж. Шеннонмен кездесулері өтті.

Жалпы, Елші Е. Қазыхановтыӊ сапары достық және сындарлы ахуалда өтті. Ол Қазақстан мен Ирландия арасында одан да тығыз қарым-қатынастар орнатуға бастама болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны