19.12.2014, 19:01 3762

22 желтоқсанда Елбасы Украинаға жұмыс сапарымен барады

22 желтоқсанға Қазақстан Президентініӊ Украинаға жұмыс сапары жоспарланған, оныӊ барысында сол елдіӊ басшылығымен келіссөздер жүргізіледі.

Астана. 19 желтоқсан. Kazakhstan Today - 22 желтоқсанға Қазақстан Президентініӊ Украинаға жұмыс сапары жоспарланған, оныӊ барысында сол елдіӊ басшылығымен келіссөздер жүргізіледі, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

23 желтоқсанда Мәскеуде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерініӊ қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеӊесініӊ кезекті сессиясы өтеді.

Сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаӊтарда іске қосылатын ЕАЭО-ныӊ қарсаӊында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерініӊ қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ мемлекет басшылары деӊгейіндегі отырысы болады.

25 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Қазақстанды жаӊаша индустрияландыру: 2014 жылдыӊ және бірінші бесжылдықтыӊ қорытындылары" атты жалпыұлттық телекөпір шарасына және "Алтын сапа" сыйлығыныӊ лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны