21.06.2013, 11:17 2782

22 жылда елімізде қызметін атқару кезінде 700-ден аса полиция қызметкері қаза болыпты

Астанада жұмада қызмет бабын атқару кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - 22 жылда елімізде қызметін атқару кезінде 700-ден аса полиция қызметкері қаза болыпты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.ъ

Астанада жұмада қызмет бабын атқару кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

Ескерткіш "Алатау" спорт кешенінің іргесіне орнатылған, делінген Қазақстан ІІМ таралған ақпаратта.

Ескерткіш ІІБ қызметкерлері, ІІМ ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері, ардагерлер кеңесі аударған қаражатқа және демеушілік қаржыға салынған.

Ескерткішті ашу рәсімінде ІІМ жетекшісі Қалмұхамбет Қасымов атап өткендей, тәуелсіздік жылдары ішінде елде қызметін атқару кезінде 703 полиция қызметкері және ІІМ ішкі әскерлерінің 21 әскери қызметшісі қаза болған.

"Отанымыз құқықтық тәртіпті қорғаушылардың ерлігін жоғары бағалады. Осы жылдар ішінде 877 ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды, оның ішінде қаза болғандарға берілгені -90", деп хабарламада министрдің сөздері келтірілген.

Митингі аяқталған соң ІІМ жетекшісі ведомстволық оқу орындарының бірқатар түлектеріне погондар табыс етті, сосын полицияның астаналық гарнизонының жеке құрамының салтанатты маршы өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны