28.07.2017, 19:23 4303

24 отандық дәрі-дәрмек және медбұйымдар өндіруші фармацевтикалық өнімдерге кепілді онжылдық мемлекеттік тапсырыс алды

2017 жылғы 11 сәуірде жарияланған конкурста өндіруші компаниялар 772 дәрілік заттардыӊ атауларынан және 1367 медбұйымнан кез-келгенін өндіруге ниетін білдіруге мүмкіндігі болды. Конкурстық өтінімдерін ашу рәсіміне дейін 44 әлеуетті өнім берушілерден 48 өтінім қабылданған.

Астана. 28 шілде. Kazakhstan Today - 24 отандық дәрі-дәрмек және медбұйымдар өндіруші фармацевтикалық өнімдерге кепілді онжылдық мемлекеттік тапсырыстыӊ арқасында жаӊа өндірісті іске қоса алады немесе қолданыстағы өндірісті жаӊғырта алады.

Бұл компаниялар "СҚ-Фармация" ЖШС ДЗ-ды, ММБ-ды сатып алу бойынша Бірыӊғай дистрибьютормен ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасудыӊ ашық байқауыныӊ нәтижесінде таӊдалып алынды. Байқаудыӊ нәтижелерін бағалау комиссиясы Бірыӊғай дистрибьютордыӊ http://www.sk-pharmacy.kz интернет-ресурсында жариялады.

Мемлекеттік тапсырыс арқылы фармөнімдерді кепілдендірілген өткізу нарығы он жыл бойы, GMP тиісті өндірістік тәжірибе стандарттарына сәйкес фармацевтикалық зауыттардыӊ жаӊарту немесе салу үшін қажетті ресурстарды таба отырып, өндірушілерге елдіӊ фармацевтика саласына жаӊа инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

2017 жылғы 11 сәуірде жарияланған конкурста өндіруші компаниялар 772 дәрілік заттардыӊ атауларынан және 1367 медбұйымнан кез-келгенін өндіруге ниетін білдіруге мүмкіндігі болды. Конкурстық өтінімдерін ашу рәсіміне дейін 44 әлеуетті өнім берушілерден 48 өтінім қабылданған.

Бизнес-жоспармен ұсынылған өзініӊ салалық қорытындысын және техникалық-экономикалық негіздемеге әрбір өтінімін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ұсынды. Үміткерлерді бағалау кезіндегі негізгі критерийлері жобаныӊ зерттелу дәрежесі, қаржыландыру көздері, инфрақұрылыммен және жер телімімен қамтамасыз етілуі болып табылады.

Енді жеӊімпаздармен байқау қорытындысы бойынша 523 дәрі-дәрмектер атауы және 389 медициналық мақсаттағы бұйымдар атауларына ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бекітіледі.

Жобаларды іске асыруға компанияларға бес жыл беріледі, содан кейін өндірушілер Бірыӊғай дистрибьютор арқылы елдіӊ ауруханаларына отандық сапалы дәрі-дәрмек және медбұйымдарды жеткізуді бастаулары тиіс.

Естеріӊізге сала кетейік, бұл отандық фармацевтикалық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарт жасасудыӊ бірінші байқауы емес. Фармацевтикалық саланы дамытуды ынталандыру және отандық өндірісті дамыту үшін Бірыӊғай дистрибьютор бұрын 553 дәрілік заттардыӊ атауларын және 213 медициналық мақсаттағы бұйымдар атауларын жеткізуге 30 ұзақ мерзімді шарт жасасты. Отандық фармацевтикалық өндірушілер осы шарттардыӊ төӊірегінде қазірдіӊ өзінде 137 дәрі-дәрмек және 152 медбұйымдар атауларын шығаруы мен жеткізуі жемісті болды.

Қазіргі уақытта отандық фармөнім Қазақстанныӊ фармацевтикалық нарығыныӊ шамамен 11 пайызын жабады. Сол уақытта, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ бағалауы бойынша, ұлттық дәрі-дәрмек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзіндік фармацевтикалық өндіріс кемінде 30%-ды құрау керек. Осылайша, ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасу Қазақстанныӊ ұлттық қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны