25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тауып, тағы жетеуі хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Үшеуін құтқару мүмкін болды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
