29.05.2014, 20:50 2832

29 мамыр күнтізбеге Еуразиялық интеграция күні болып енуі тиіс - Н.Назарбаев

"Мен 29 мамыр күні күнтізбеге Еуразиялық интеграция күні болып енуі лайықты деп санаймын", - деді ол.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan today. 29 мамыр күні күнтізбеге Еуразиялық интеграция күні болып енуі тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО Президенттерінің Астанадағы бірлескен мәлімдемесі кезінде атап өтті.

"Енді жаңа құжатты елдеріміздің парламентарийлері мұқият қарап, ратификациялауы қалды. Біз, мемлекет басшылары өзіміздің парламент пен депутаттарға жолдау жасауға уағдаластық. Себебі келесі жылдың 1 қаңтарынан Одақ толық күшіне енуі қажет", - деді Н.Назарбаев.

Елбасы тағы да "Бүгін Қазақстан, Белоруссия, Ресей үшін маңызды күн, Еуразиялық экономикалық одақ - мығым механизм, мәңгілік достық пен тату көршіліктің өзара қарым-қатынасы" деп айтып өтті.

"Мен 29 мамыр күні күнтізбеге Еуразиялық интеграция күні болып енуі лайықты деп санаймын", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны