03.02.2015, 09:29 4042

29 наурызда 60 сайлау округінде мәслихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына сайлау өтеді

Барлығы Астана қ. мәслихатыныӊ 1 депутаты, 9 облыстық депутат, 10 қалалық және 40 аудандық мәслихаттар депутаттары сайланады.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Конституциялық Заӊыныӊ 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылдыӊ 29 наурызында республиканыӊ 14 өӊірінде 60 сайлау округінде мәслихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына сайлау өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәслихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына сайлауды облыстық сайлау комиссиялары тағайындайды.

Барлығы Астана қ. мәслихатыныӊ 1 депутаты, 9 облыстық депутат, 10 қалалық және 40 аудандық мәслихаттар депутаттары сайланады.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊға сәйкес мәслихат депутаттығына кандидаттарды белгіленген тәртіпте тіркелген республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардыӊ құрылымдық бөлімшелері мен азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынады.

Мәслихат депутаттығына сайлану үшін азамат Конституцияныӊ 86-бабыныӊ 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі, сондай-ақ Конституцияныӊ 33-бабыныӊ 2 және 3-тармақтарына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊына сәйкес сайлау құқығына ие болуы керек.

Осылайша, 20 жасқа толған Қазақстан Республикасыныӊ азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сот іс-әрекетке жарамсыз деп таныған, сондай-ақ сот шешімі бойынша бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлау және сайлану құқығына ие бола алмайды.

Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердіӊ, олардыӊ құрылымдық бөлімшелерініӊ мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуын олардыӊ жоғары органдары әрбір кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып жүргізеді.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды азаматтардыӊ өзін-өзі тәртібімен ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беруі арқылы жасалады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны