31.10.2016, 17:27 6929

300-ден астам қазақстандық кәсіпорын ЭКСПО нысандарыныӊ құрылысына және оған дайындыққа атсалысуда

Еске салсақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесініӊ ұйымдастырушылары алғашқы бес ел - Мажарстан, Германия, Қытай, Түркия, Францияға павильондарын тапсырған болатын.

Астана. 31 қазан. Kazakhstan Today - ЭКСПО көрмесініӊ құрылысына және оған дайындыққа 300-ден астам қазақстандық кәсіпорын атсалысуда, деп мәлімдеді "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов павильондарды тапсыру салтанаты барысында.

"Бүгін біз үшін атаулы күн - көрменіӊ 5 басты нысаныныӊ құрылысы аяқталды: халықаралық павильондар, 1 374 орындық ЭКСПО-қалашық, ЭКСПО-кеӊсе, ішкі істер бөлімі және Энергияны зерттеу орталығы ғимараттары. Бұл нысандардыӊ жалпы көлемі 482 мыӊ шаршы метрді құрап отыр", - деді А. Есімов.

Ұлттық компания басшысы айтып өткендей, жоба Елбасыныӊ жан-жақты қолдауыныӊ арқасында дағдарысқа қарсы нәтижелі бағдарламалардыӊ біріне айналды.

"Осылайша, көрменіӊ құрылысы мен дайындығына еліміздіӊ барлық өӊірлерінен 300-ден астам отандық кәсіпорын атсалысуда. Бұл жоба 50 мыӊға жуық жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік берді. Осы құрылыс алаӊыныӊ өзінде 14 мыӊ адам жұмыс істеп жатыр", - деп мәлімдеді А. Есімов.

Компания басшысыныӊ айтуынша, нысандар құрылысы кезінде 492 млрд теӊге сомаға жұмыстар жасалып, қызмет көрсетілді.

"Көрменіӊ өзге нысандары бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда. Ол - "Сфера" ұлттық павильоны, конгресс-орталық және қонақ үй. Келесі жылы қоғамдық аймақтарды ұйымдастыру, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіледі", - деді А. Есімов.

Еске салсақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесініӊ ұйымдастырушылары алғашқы бес ел - Мажарстан, Германия, Қытай, Түркия, Францияға павильондарын тапсырған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны