30.05.2007, 14:44 1468

"30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасының инвестициялық жобаларындағы үкіметтің үлесі 25% + 1 акция көлемінен аспайды - Мәсімов

АСТАНА. 30-мамыр. Kazakhstan Today. "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасының инвестициялық жобаларындағы үкіметтің үлесі 25% + 1 акция көлемінен аспайды. Бұл туралы бүгін экономикалық модернизация мәселелері бойынша мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Үкіметтің үлесі 25% + 1 акция көлемінен аспаған жағдайда тиімді болады деп ойлаймыз",- деді үкімет басшысы.

Мемлекет жобаларға сан алуан түрде қолдау көрсетеді, деді К.Мәсімов. "Атап айтсақ, тікелей және интеллектуалдық инфрақұрылым нігізін қалау, мемлекет тарапынан кепілдік беру немесе кепілгер болу жолдарымен қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге кәсіпкерлермен тәуекелді бөлісудің басқа да қосымша тәсілдері пайдаланылады. Мәселен, экспортты сақтандыру тәртібін енгізу межеленген",- деді үкімет басшысы.

Сонымен бірге үкімет басшысы "мемлекет тарапынан мемлекетаралық сауда келісімін жасасу мен оған дайындық және отандық экспортқа қолдау көрсету жолымен саяси қолдау да көрсетпекші", деп атап өтті.

"Мемлекеттің қолдауы ашық әрі бұрын белгіленген принциптерге сәйкес көрсетіледі",- деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны