13.03.2020, 21:46 4219

Кеден қызметтерінің біріккен алқасының 34-ші отырысы өтті

Отырыс қорытындысы бойынша Кеден қызметтерінің біріккен алқасының 24 шешімін қабылдау туралы хаттамаға қол қойылды.

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today -Кеден қызметтерінің біріккен алқасының 34-ші отырысы өтті.

2020 жылдың 12 наурызында Беларусь Республикасының Брест қаласында Кеден одағына мүше мемлекеттердің 34-ші Кеден қызметтерінің біріккен алқасының отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар ІҢКӘРБАЕВ, халықаралық басқару басқармасының басшысы Ермек Қожабергенов және Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасы кеден қызметі өкілдігінің қызметкерлері Марина ДАВИДОВСКАЯ және Бахытбек СЕЙДАЛИН қатысты.

Отырыс шеңберінде кедендік операцияларды оңтайландыруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды. Атап айтқанда, кеден органдарының кедендік транзиттеу барысында тауарды тиеу немесе тиемеу фактісін айқындау, тракторлар, шағын тракторлар, мотокультиваторларды жеке мақсатта пайдалану санатына жатқызу немесе ол санаттан алып тастау, Қытай-Еуропа-Қытай немесе өзге де бағыттарда теміржол арқылы тауарларды контейнерлермен тасымалдау барысында навигациялық құрылғыларды (пломба) пайдалану жөнінде пилоттық жобаны ұйымдастыру.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасының және оның жанында жұмыс істейтін жұмыс топтарының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Отырыс аясында қазақстандық тарап күн тәртібіне келесідей мәселелерді енгізді:

- көлік құралдарының өтуіне рұқсат беруді бақылаудың тиімділігін арттыру;

- Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес "өздігінен қозғалмайтын жүзбелі қонақ үй" тауарын белгілі бір санатқа жатқызу.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеден қызметтерінің біріккен алқасының 24 шешімін қабылдау туралы хаттамаға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны