17.11.2019, 13:25 9438

Батыс Қазақстан облысының 379 мектебінде "Адалдық сағаттары" өтті

Алматы. 17 қараша. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 4 қарашасында оқу жылының екінші тоқсаны басталған бірінші күні Батыс Қазақстан облысының 379 мектебінде дәстүрге айналған "Адалдық сағаттары" өтті. "Адалдық сағаттары" ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша Білім басқармасы мен білім бөлімдерінің қолдауымен "Ақжайық - адалдық алаңы" жобасының шеңберінде өткізіліп келеді.

Орал қаласының №3 орта білім беретін мектебінде өткен іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет қатысып "Адалдық" тақырыбында дәріс оқыды.

Оқушылар алдында сөз сөйлеген Нұрдәулет Сәмет қатысушыларды адалдыққа, ұждандылыққа және отансүйгіштікке шақырды.

Мектеп оқушысы өз кезегінде арнаулы тренинг өткізіп, оқушылар өз пікірлерін постерлер көмегімен білдірді.

Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі басшысының бірінші орынбасары оқушыларды қызықтырған сұрақтардың барлығына жауап берді. Осындай іс-шаралар №1, №17, №19, №35 орта мектептер мен эстетика бағытындағы гимназияда өтті. Осылайша, департамент қылмыстарды әшкерелеумен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикасына да баса назар аударуда. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың профилактикасы үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жобалық кеңсемен бірлесіп әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізіп, мемлекеттік органдарда халық тұтынатын мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты мәселелер бойынша тұрғындармен кездесулер ұйымдастыруда.

"Егер бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүйесі негізінен оның залал-зардаптарымен күреске бағытталып, кінәлі тұлғаларды жазалау арқылы көрініс тауып келсе, қазір оның алдын алуға, оны азайту бағытында мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіруге басымдық беріледі", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны