08.11.2019, 18:45 11840

Шекарашылар 40 тонна ірі қара малдың терісін, 60 кг елік етін және 40-тан астам оқ-дәрілерді шекара асырмақ болғандарды құрықтады

Петропавл шекара жасағының "Қарақоға" өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге "УАЗ" автомашинасымен кетіп бара жатқан 1969 жылы туған РФ азаматы ұсталды. Автокөлігін тексеру кезінде жүксалғыштан 60 кг жуық еліктің еті табылды. Акті жасалып аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Нұр-Сұлтан. 8 қараша. Kazakhstan Today - Шекарашылар 40 тонна ірі қара малдың терісін, 60 кг елік етін және 40-тан астам оқ-дәрілерді шекара асырмақ болғандарды құрықтады.

Шекарашылар өткен тәулікте қазақстан-ресей шекарасындағы:

- Ақтөбе шекара жасағының "Жайсан" өткізу пунктінде жалпы салмағы 39,5 тонна ірі қара малдың терісін (бағалау құны 3 млн теңге шамасында) заңсыз өткізбек болған екі оқиғаның жолын кесті. Ұсталғандар 1990 және 1971 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтары. Ақтөбеоблыстық МКД тапсырылды.

- Ақтөбе шекара жасағының "Әлімбет" және Павлодар шекара жасағының "Қосақ" өткізу пункттеріндегі тексеру барысында аң аулауға арналған 12 калибрдің жалпы саны 41 оқ-дәрісін алып өтпек болғандар ұсталды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

- Петропавл шекара жасағының "Қарақоға" өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге "УАЗ" автомашинасымен кетіп бара жатқан 1969 жылы туған РФ азаматы ұсталды. Автокөлігін тексеру кезінде жүксалғыштан 60 кг жуық еліктің еті табылды. Акті жасалып аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны