21.07.2014, 20:16 1388

44 миллионға жуық сома мемлекет қазынасына қайтарылды - Иділет министрлігі

Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" ММ-нің "Таукен-Степногор" ЖШС-не көлемі 43 956 720 теңге болатын ауылшаруашылық өндіріс ысырабының орнын толтыру туралы талабы қанағаттандырылды, - деп хабарлайды ведомство.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" ММ-нің "Таукен-Степногор" ЖШС-не көлемі 43 956 720 теңге болатын ауылшаруашылық өндіріс ысырабының орнын толтыру туралы талабы қанағаттандырылды, - деп хабарлайды ведомство.

Аумағы 434,7 гектар болатын ауылшаруашылық жер телімдері Ақмола облыстық Икімдігінің қаулысына сәйкес, "Таукен-Степногор" ЖШС-не 2009 жылдың маусымында 5 жылға жалға берілген еді. Жалданған жердің бір бөлігінде алтын кені болған, - делінген хабарламада.

Алайда, қойнауында алтыны бар аумақта ешқандай жұмыстар жүргізілмеген, уақыт өте жер телімдері құндылығынан айрылып, жарамсыз күйге түскен. Талап құжатында "Таукен-Степногор" ЖШС келтірген ауылшаруашылық өндіріс ысырабы 43 956 720 теңге деп анықталды.

"Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" ММ мен "Таукен-Степногор" ЖШС арасындағы сот дауы 5 жылға жуық жалғасты. Икімдіктің "Таукен-Степногор"-ға көп мәрте жолдаған ескертулері еленбеген.

Қазіргі уақытта атқару өндірісі толық көлемде орындалып, өндірілген сома республикалық бюджетке қайтарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны