28.02.2014, 23:27 9844

4 жылда біздің аурухана бюджеті 2,5 есеге өсті - СҚО облыстық ауруханасының бас дәрігері

Егер 2010 жылы 12,5 мың науқасты емдеп шығарсақ, 2013 жылы шамамен 10 мың науқастың жанына араша болдық. Осы тұрғыда біз күндізгі стационарлардағы ем алатындардың санын 8 есеге дейін арттыра алдық. Бұл өз кезегінде мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыра түсті", - дейді Ю.Белоног.

Алматы. 28 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін вице-премьер Г.Ибдіхалықованың қатысуымен өткен "Қазақстан жолы-2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауының іске асыру барысы туралы" республикалық жиында Петропавлдағы облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног медицина мекемесінің Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шарттарындағы дамуы туралы айтты.

"БҰДС жағдайында халықтың сұранысын ескере отырып аурухананың орындық қоры жұмысының тиімділігіне сараптама жасадық. 2010 жылдың соңына қарай тиімді емес 125 жұмыс төсегі оңтайландырылып, 2012 жылы бұлардың қатарына тағы 30-ы қосылған. Егер 2010 жылы 12,5 мың науқасты емдеп шығарсақ, 2013 жылы шамамен 10 мың науқастың жанына араша болдық. Осы тұрғыда біз күндізгі стационарлардағы ем алатындардың санын 8 есеге дейін арттыра алдық. Бұл өз кезегінде мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыра түсті", - дейді Ю.Белоног.

Оның айтуынша, "ақша пациентке байланысты ұстанымына сай, бүгінде облыстық ауруханада өзге облыстардың шекаралас аудандарының халқынан да ем іздеп келушілер бар. 2013 жылы арнайы Петропавл ауруханасына шеттен келгендер саны 200 адамды құрап, олар ауруханаға 20 млн теңге кіріс кіргізді.

"Жалпы, соңғы 4 жылда біздің бюджет тарифтің шынайы толығуымен 2,5 есеге дейін өсті. Емнің сапасы ауруханадағы құрылғыға да байланысты екені рас. Науқастар үшін қаржылық лизинг тәртібімен 2011 жылдан бастап 287,7 млн теңгеге 19 құрылғы сатып алдық", - дейді облыстық бас дәрігер.

"Медициналық мекеменің КМК-тен ауысуы қызметкерлердің санын өзімізше анықтауға, еңбек жалақысын белгілеуге, мекеменің қорын бекітуге, қызметкерлердің қызметтік міндеттерін айқындауға, дифференцияланған еңбекақы жүйесін дайындауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 18%, медбикелердің еңбекақысы 21% көбейді", - дейді Ю.Белоног.

Ю.Белоногтың айтуынша, "Қазақстан жолы-2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтың Жолдауында айтылған халықтың өмір ұзақтыңын 80 жастан асыру туралы алға қойған міндеттемелеріне қол жеткізу үшін алдымен стационарлы көмек қызметінің біліктілігін арттырып, халыққа қолжетімді ету керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны