21.09.2019, 19:35 18372

Батыс Қазақстан облысында 508 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлемі мүлдем төленбейтін болды

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша БҚО-ның 59 мың 566 тұрғыны немесе 11 мың 778 отбасы 3,7 млрд.теңге көлемінде АӘК алды.

Нұр-Сұлтан. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - БҚО-да 1094 отбасы АӘК алу үшін табысын жасыруға тырысты.

Батыс Қазақстан облысында (бұдан әрі - БҚО) 2516 отбасының атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алуының заңдылығы тексерілді, оның ішінде 586 отбасына төлем уақытша тоқтатылған болса, тағы 508 отбасына төлем мүлдем төленбейтін болды.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Қайырғали Надырғалиев БҚО тұрғындарының әлеуметтік қызмет қызметкерлерін алдауының өрескел фактілері туралы хабарлады. Оның айтуынша, АӘК тағайындау кезінде ең көп таралған бұзушылық нақты табыстарды жасыру болып табылады

"Осылайша, Оралда алты баланың анасы өткен жылдың желтоқсан айынан бастап АӘК ала бастады. Әлеуметтік көмек алудың заңдылығын тексеру барысында біз отбасының нақты табысының жасырылғанын анықтадық. 2018 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген отағасының 6 миллион 904 мың 550 теңге көлеміндегі табысын жасырған. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы салық есептері бойынша отбасының табысы 3 миллион 877 мың теңгені құрады. Қайта есептеу нәтижесінде отбасына АӘК төлеуден бас тартылды", - деді Қайырғали Надырғалиев.

Осыған ұқсас жағдай Жаңақала ауданында да орын алды. Өткен жылдың сәуір айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында өтініш берушінің қайын атасы 5 миллион 200 мың теңге көлемінде кредит алып, ол қаражатқа 17 ірі қара мал сатып алған.

"Өтініш берушінің бірге тұрып жатқан қайын атасы жеңілдетілген кредитке сатып алған ірі қара малды көрсетпестен отбасының нақты табысын жасырғанын ескере отырып, оған 1 млн 530 мың 612 теңге көлемінде АӘК төлеу тоқтатылды. Сәуір мен мамыр айларында 255 мың 100 теңге көлемінде төленген қаражат бюджетке қайтарылды", - деді Надырғалиев.

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша БҚО-ның 59 мың 566 тұрғыны немесе 11 мың 778 отбасы 3,7 млрд.теңге көлемінде АӘК алды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК тағайындау мен төлеудің дұрыстығын мониторингтеу нәтижесінде 72 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы табысы туралы жалған ақпарат бергені анықталды.

Осыған байланысты Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, әрбір анықталған факті бойынша, бұзушылықтарға жол бермеу және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" ҚР Заңын бұзып заңсыз тағайындалған төлемдерді қайта қарау бойынша жеке-жеке жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны