07.04.2011, 16:22 4483

50 астам лауазымды тұлға құрылыс саласындағы бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсағаны үшін жауапқа тартылуда

50 астам лауазымды тұлға құрылыс саласындағы бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсағаны үшін жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - сәуір. Kazakhstan Today - 50 астам лауазымды тұлға құрылыс саласындағы бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсағаны үшін жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, құрылыс саласына қатысты 50-ден аса лауазымды тұлға заң бұзғаны үшін жауапқа тартылуда, деп хабарлады бейсенбі күні өткен брифингте Бас прокуратураның арнайы өкілі Жандос Өмірәлиев.

Бас прокуратура тарапынан бюджет қаражатын пайдалану кезінде құрылыс объектілерінің құнын қымбаттату себептеріне талдау жасалынып, осы жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар бойынша Үкімет атына ұсыныс енгізілген.

"Соның нәтижесінде "Мемлекеттік сараптама" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалдарының 7 директоры мен директор орынбасарлары, Шу ауданының әкімі және осы ауданның құрылыс бөлімінің бастығы өз қызметтерінен босатылды. Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс саласында жетекшілік ететін 6 қызметкер жұмыс орындарынан босатылды", - деп хабарлады Өмірәлиев.

Жалпы республика бойынша заң бұзушылыққа жол берген 50-ден астам лауазым иелері тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған.

Бұдан басқа, құрылыс жұмыстарын уақытылы орындамағаны үшін мемлекет пайдасына мердігерлерден 1 млрд. 100 млн. теңге өндіріп алу бойынша шаралар қабылданды, деп атап өтті мекеменің арнайы өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны