22.05.2015, 15:59 4467

50 астаналық бозбала теӊіз жаяу әскері қатарын толықтырады

Бүгін Астанадағы "Отан қорғаушылар" алаӊында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ қатарына мерзімді әскери қызмет өтеуге шақырылған 50 жас бозбаланы салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Бір жыл бойы олар "Батыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 25744 әскери бөлімінде әскери борышын өтейтін болады

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Астанадағы "Отан қорғаушылар" алаӊында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ қатарына мерзімді әскери қызмет өтеуге шақырылған 50 жас бозбаланы салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Бір жыл бойы олар "Батыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 25744 әскери бөлімінде әскери борышын өтейтін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Армияға жастарды шығарып салуға олардыӊ ата-аналары мен туыстары, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебініӊ тәрбиеленушілері, әскери-патриоттық клубтыӊ мүшелері, Астанадағы оқу орындарыныӊ тәлімгерлері келді. Шарада Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, жауынгер интернационалистер және ҚР ҚК офицерлері құттықтау сөз сөйледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Бүгін біз теӊіз жаяу әскерлерініӊ бөлімін толықтыру үшін жастарды жөнелтеміз. Олар әскери борышын өтеуге дайын. Биылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында Астанадан әскери бөлімдерге барлығы 700 жас буынды жіберуді жоспарлап отырмыз", - деді Астана қаласыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығыныӊ орынбасары подполковник Ғани Артықов.

Салтанатты рәсім аясында болашақ сарбаздардыӊ алдында ҚР Мемлекеттік күзет қызметініӊ құрметті қарауыл ротасы жауынгерлері көрсетілімдер қойып, елорданыӊ шығармашылық ұжымы әскери-патриоттық әндер шырқады.

Сонымен қатар, әскерге шақырылғандар мемлекеттік ту көтерген топтыӊ артынан алаӊда сап түзеп адымдап өтті. Сол сәттен бастап олардыӊ әр қайсысы үшін қазақстандық армиядағы әскери қызмет күні басталды. Олардыӊ көпшілігі қазірдіӊ өзінде мерзімді қызметтен соӊ, Қарулы Күштерге келіп келісімшарт бойынша қызмет атқару ниетін білдіріп отыр.

"Мен армияда әскери борышымды атқаратынымды мақтанышпен айта аламын. Искери қызметімді абыроймен және ерлікпен атқарып, еліміздіӊ мақтанышы болғым келеді. Армиядағы қызмет теӊдесі жоқ тәжірибе, ол шынықтырып қана қоймай, еӊ бастысы Отан алдындағы борышыӊды өтеуге, ел қорғаны болуғамүмкіндік береді", - деді әскер қатарына алынған Дамир Асылбеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны