28.02.2014, 17:18 40054

5 жылда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есеге өсті - С.Қайырбекова

"Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жыл санап артып келеді. Өткен жылы бұл салаға жұмсалған қаражат 838,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артық болса, 2009 жылдан бері 2 есеге өскен", - дейді ол.

Алматы. 28 ақпан. Kazakhstan today. 2009 жылдан бері денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемі 2 есеге артты. Бұл туралы ҚР Президенті Жолдауының іске асырылу барысы жайлы республикалық кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.

"Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жыл санап артып келеді. Өткен жылы бұл салаға жұмсалған қаражат 838,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артық болса, 2009 жылдан бері 2 есеге өскен", - дейді ол.

Оның айтуынша, халықтың денсаулығын сақтауда аталмыш қаражатты нақты көрсеткіштерге жетіп, нақты тапсырмаларды орындауға бағыттау керек.

"Мемлекет басшысының Жолдауында аталған міндеттемелерді орындау мен "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы медициналық көмекті басқару мен қаржыландыру және медициналық ұйымдардың жаңа ұстанымдарын құруға мүмкіндік береді", - дейді министр.

Айта кету керек, 2014 жылдан бастап "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың екінші кезеңі басталды. Нарықтық қатынастардың негізгі тетігі, қаржыландырудың жаңа әдістері, медициналық ұйымдардың автономдығы, корпоративті басқаруды енгізу, жеке секторды енгізу мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті құру бәсекелестікті арттырып, медицинаық ұйымдардың еркін таңдауын қалыптастырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны