23.06.2019, 23:20 7051

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бойынша 69 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық оқиғалары тіркелді

Көбінесе бюджет қаражатын ұрлау (25), пара алу (14) және өкілеттікті асыра пайдалану (13) фактілері тіркеледі.

Нұр-Сұлтан. 23 маусым. Kazakhstan Today - 2016 жылдан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бойынша 69 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді, осы салада мемлекетке залал 1,8 млрд. теңгені құрады.

Қылмыстық жауапкершілікке 32 адам тартылды,оның ішінде 24 адам сотталған.

Талдау көрсеткендей, қылмыстардың жартысынан астамын лауазымды тұлғалар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстар актілеріне жалған қол қою арқылы жасайды.

Көбінесе бюджет қаражатын ұрлау (25), пара алу (14) және өкілеттікті асыра пайдалану (13) фактілері тіркеледі.

Мысалы, Жамбыл облысында ағымдағы жылдың

14 маусымында "Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры У. Мусралиев аса ірі көлемде жалпы сомасы 706 млн. теңгені құрайтын бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сонымен қатар, сотталушы бас бостандығы жазасын өтеп болғаннан кейін құрылыс саласында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды.

Бұл ақша мемлекеттің 100% қатысу үлесі бар "Тараз химиялық паркі" еркін экономикалық аймағы басқарушы компаниясы" Акционерлік қоғамы үшін магистралды суағар құрылысын салуға арналған.

Келтірілген залал толығымен өндірілген.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты ауыз су сатып алуды субсидиялауға бөлінген 30 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Тағы бір жарқын мысал бәріне белгілі Солтүстік Қазақстан облысының Соколов топтық су құбырын қайта жаңарту бойынша келісім-шарт жасасу кезінде 60 млн.теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары комитет төрағасына қатысты қылмыстық ісі болып табылады.

Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті соттың санкциясымен күзетпен ұсталуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны