23.09.2020, 21:29 7816

700-ге жуық атыраулық Қарулы Күштердің қатарына шақырылады

Атырауда мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда. Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 700-ге жуық астам адамды әскерге шақыру жоспарланған.

Алматы. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - 700-ге жуық атыраулық Қарулы Күштердің қатарына шақырылады.

Атырауда мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда. Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 700-ге жуық астам адамды әскерге шақыру жоспарланған.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу медициналық комиссиялар мен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

Әскерге шақырылушыларды іріктеу мен бөлу барысында денсаулық жағдайы, олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескеріледі. Физикалық дайындығы жоғары, моральдық және психологиялық тұрғыдан төзімді жастар Теңіз жаяу әскерлерінің, Десанттық-шабуылдаушы әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелеріне бара алады.

Әскерге бірінші болып аттанатындардың арасында қала тұрғыны Ерасыл Табылды да бар. Биылғы колледж түлегі, шақырту алысымен кідірместен шақыру пунктіне келіп жетті.

"Менің отбасымда барлық ер азаматтар әскер қатарында болған, сондықтан бұл қадамға мен бала кезімнен дайындалған едім. Әскердегі бір жылдың ішінде нағыз ер азамат болып қалыптасатыныма сенімдімін", - дейді болашақ сарбаз.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шараларын күшейту мақсатында жинақтау пункттерінде медициналық бекеттер орналастырылған. Сонымен қатар, облыстық медициналық комиссиялардың құрамына инфекционист дәрігерлер енгізілді.

"Әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту алдында міндетті түрде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Бөлімге келгеннен кейін жас толықтырушылар екі апталық карантинге орналастырылады, сондай-ақ медициналық тексеру жүргізіліп әскерге шақырылушының әлеуметтік-психологиялық мәртебесі белгіленеді", - деп түсіндірді Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментының орынбасары - жасақтау басқарма бастығы майор Айдос Амағалиев.

Қазақстанда күзгі шақыру 1 қыркүйекте басталды. Әскерге шақыру науқаны желтоқсанның соңында, әскерге шақырылушылардың соңғы легі бөлімге қызметке аттанған кезде аяқталады.

Әскерге шақыру комиссиясының мүшелері атап өткендей, соңғы жылдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын толықтыруға ниет білдірушілер санының өсімі байқалады. Көптеген жастар қызметті пайдалы және қажет деп санайды. Әскерде жарты жыл қызмет еткен, техникалық, кәсіптік немесе жоғары білімі бар жастар жақсы нәтиже көрсетіп, келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны