07.05.2019, 15:48 25357

7 мамырда еліміз мемлекеттік мереке - Отан қорғаушы күнін атап өтеді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің қызметкерлері мен сарбаздарын мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің қызметкерлері мен сарбаздарын мерекемен құттықтады. Құттықтауда былай делінген:

"Генералдар мен офицер мырзалар, сержанттар мен сарбаздар, Қарулы Күштердің қызметкерлері мен жұмысшылары!

7 мамырда еліміз мемлекеттік мереке - Отан қорғаушы күнін атап өтеді. Бұл күні 27 жыл бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарулы Күштер құрылды.

Қазақстан армиясы қалыптасуы мен дамуы жылдарында мемлекеттің сенімді тірегіне айналды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, Қарулы Күштер - қауіпсіздіктің басты кепілі, еліміздің егемендігі, бейбітшілігі мен тыныштығының берік қорғаны.

Бүгінгі күні мемлекет басшылығы армия үшін барлық қажетті жағдайды жасады: әскерлерге жаңа техника мен қару-жарақ жеткізілуде, толыққанды жауынгерлік даярлық үшін қазіргі заманғы полигондар мен оқу-жаттығу орталықтары жабдықталған, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін заңнамада ауқымды әлеуметтік пакет көзделген.

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы ұдайы жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін ұстаумен кәсіби шеберліктерін арттыра отырып, Отан алдындағы конституциялық борышын лайықты атқарып келеді. Әртүрлі ауқымдағы оқу-жаттығулар, Армиялық халықаралық ойындардағы жауынгерлеріміздің тұрақты жетістіктері, сондай-ақ ел басшылығы мен беделді халықаралық сарапшылардың жоғары баға берулері осының дәлелі болып табылады. Бұл еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге әрдайым үлес қосатын әрқайсымыздың еңбегіміз.

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ашық аспан, отбасылық береке және Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызметтеріңізде табыс тілеймін!

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

генерал-майор Н.Ермекбаев".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны