26.03.2015, 17:40 3705

84 әскери ұшақ пен тікұшақ экипажы Астана қаласында өтетін үлкен авиа-шоуды дайындауда

Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған әскерлер парадыныӊ құрамындағы еӊ ірі шоудыӊ бірі болмақ авиа-шоуға заманауи авиация техникасыныӊ 75 бірлігі, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезініӊ тоғыз ұшу аппараты қатысады

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған әскерлер парадыныӊ құрамындағы еӊ ірі шоудыӊ бірі болмақ авиа-шоуға заманауи авиация техникасыныӊ 75 бірлігі, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезініӊ тоғыз ұшу аппараты қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Авиа-шоу алаӊдағы парадтыӊ тарихи және заманауи бөліміндегі жаяу шеру және механикаландырылған лектер өткеннен кейін шығады. Иуеге Ми-8, Ми-17, Ми-26, ЕС-145 жауынгерлік тікұшақтары, Ту-134, Ту-154, АН-26, АН-72, С-295 әскери-көліктік авиация ұшақтары және Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 майдандық авиация ұшақтары көтеріледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Алда өткізілетін авиа-шоудыӊ жалпы жоспар-ниеті әзірге құпия ұсталып отыр. Алайда ұшқыштар ұшақтар арқылы "70" санын жасап, яғни мерейтой күнініӊ нышанына ұқсап тізіліп тұрып, содан кейін жеке және түрлі топтардыӊ жоғарғы пилотажыныӊ кескіндемесін орындау идеясын айтуда.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін лайықты деӊгейде құттықтау және ҚР ҚК ИҚК Искери-әуе күштерін көрсету үшін парадтыӊ қазіргі кезеӊіне 185, ал тарихи бөліміне тоғыз білікті тәжірибелі қазақстандық ұшқыш алдын-ала іріктеліп алынды. Қазіргі уақытта олар белсенді түрде жаттығулармен айналысып, ұшудыӊ теориялық және практикалық даярлық курсынан өтуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны