21.05.2015, 15:12 3835

8 000-нан аса әскерге шақырылушы "Ақ сұӊқар" тестінен өтті

Биылғы көктемде мерзімді әскери қызметке шақырылған 8 000-нан аса бозбала жаӊа әмбебап психодиагностикалық "Ақ сұӊқар" кешені арқылы психологиялық тексеруден өтті

Астана. 21 Мамыр. Kazakhstan Today - Биылғы көктемде мерзімді әскери қызметке шақырылған 8 000-нан аса бозбала жаӊа әмбебап психодиагностикалық "Ақ сұӊқар" кешені арқылы психологиялық тексеруден өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған кешен бұрынғы жазбаша тестілеуге қарағанда айтарлықтай айырмашылығы бар. Атап айтқанда, сұрақтарға жауап беріп жатқанда, қосымша құрылғылар арқылы (термометр, пульсоксиметр, тері-гальвандық әсері) физиологиялық көрсеткіштерді бақылап, қосымша қажетті мәліметтерді анықтайды. "Ақ сұӊқар" жүйесініӊ артықшылығы оныӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісінде болып отыр. Яғни тестілеу кезіндегі аудио және бейне жазбалар компьютерге енгізіліп, кейіннен оны өзгерту мүмкіндігі болмайды, Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Ақ сұӊқар" - бұл қазақстандық өнім. Өткен жылдыӊ соӊында аталған кешен сынақтан сәтті өтіп, 2015 жылғы көктемгі әскерге шақыру басталысымен Қазақстанныӊ барлық облыстық және қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде қызмет көрсетіп келеді. Искери психологтар кешенніӊ жұмыс қабілетін, оныӊ нәтижелерініӊ дәлдігін растап, сондай-ақ тестілеудіӊ автоматты режимі және нәтижені есептеудіӊ тиімділігі арқасында жеке әӊгімелесу уақытын ұлғайтуға ықпал еткенін атап өтті.

Шетелдіӊ зерттеу құрылғылары сияқты Ресей және украина өндірісіндегі психодиагностикалық кешендермен салыстырғанда "Ақ сұӊқар" кешені де өзініӊ артықшылықтарын көрсетті. Біздіӊ құрылғы байланыс өткізгіштері мен Wi-Fi желісі бойынша локальды желіге 20 кешенді қоса алады, сондай-ақ базаныӊ мобильді топтамасы далалық жағдайларда тестілеу өткізуге мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны