24.07.2019, 23:52 71876

Ресейліктің автокөлігінен шекарашылар 8 қапқа салынған 26 тірі маймыл тауып алды

Маймылдар шекарадан өткізуге құқық беретін ешқандай құжаттары болмағандықтан Мәртөк аудандық ветеринарлық инспекция қызметкерлеріне тапсырылды.

Нұр-Сұлтан. 24 шілде. Kazakhstan Today - Өткен демалыс күндері шекарашылар Мемлекеттік шекарадан әртүрлі мөлшерде есірткі алып өтпек болған, шекаралық аумақта заңсыз дәрілік өсімдік тамырларын жинаған, 26 маймыл, 4 миллион теңгеге жуық кедендестірілмеген қаражат алып өтпек болған әртүрлі мемлекеттер азаматтарын ұстады.

Анықтай кетер болсақ, сенбі түні, сағат 2-лер шамасында Тараз шекара отрядының "Ақсуат" заставасының аумағында шекара наряды кептірілген өсімдік текті зат толтырылған 3 қапты Мемлекеттік шекарадан бергі бетке өткізбек болып әрекеттеніп жатқан адамның үстінен түсті. Ұсталған адам (өзімен бірге ешқандай құжаттары жоқ) өзін 1983 жылы туған Қырғыз азаматымын деп таныстырды. Оған шекара бұзуға көмектескен адам болуы мүмкін деген күдікпен көршілес елдің шекарашылары болған оқиға туралы хабарланды.Жасалған сараптама қорытындысы қаптарға толтырылған өсімдік текті заттың, салмағы 10 кг 400 грамм "марихуана" есірткісі екендігін растады. Ұсталған азамат Жуалы аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Петропавл шекара отрядының "Бидайық-авто"бөлімшесіндешекара наряды біздің елден Ресейге қарай жекеменшік "Тойота" автокөлігімен өтпек болған 36 жастағы ресейлікті ұстады. Шекарашылар қызметтік иттің көмегімен оның автокөлігінің рөлінің астынан, қалташаға салынған сұрғылт-жасыл түсті, өзіндік иісі бар, салмағы мөлшермен 5 граммдай болатын өсімдік текті зат тауып алды. Табылған зат "гашиш" есірткісі болуы мүмкін деген күдікпен иесімен бірге Уәлиханов аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Қордай шекара отрядының "Қордай-авто" бөлімшесінде шекарашылар өткен түнде Қырғыз Республикасынан біздік елге қарай өтпек болған 48 және 20 жастағы екі екі қазақстандықтың біріншісінің аяқ киімінің ішінен 2 граммдай "гашиш", екіншісінің жеке заттарының арасынан дәл осындай мөлшерде "марихуана" есірткісін тауып, Қордай аудандық полиция бөліміне тапсырды.

Жаркент шекара отрядының шекарашылары өткен түнде, сағат 00 шамасында Текелі тауларының шатқалдарының бірінде 35 жастағы қазақстандықты ұстады. Оның сөмкесінен салмағы 8 кг-ға жуық "пияу" өсімдігінің тамырлары табылды. Ұсталған азамат ҚР Қылмыс Кодексінің 339 бабына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін. Әзірше Текелі қаласындағы Ескелді аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Ақтөбе шекара отрядының "Жайсаң-авто" бөлімшесінде Қазақстаннан Ресейге қарай кетіп бара жатқан 41 жастағы ресейліктің УАЗ "Патриот" жекеменшік автокөлігінен шекарашылар 8 қапқа салынған 26 тірі маймыл (макакалар) тауып алды. Маймылдар шекарадан өткізуге құқық беретін ешқандай құжаттары болмағандықтан Мәртөк аудандық ветеринарлық инспекция қызметкерлеріне тапсырылды.

Бейнеу шекара отрядының "Бейнеу-теміржол" бөлімшесінде "Нүкүс - Бейнеу" бағытындағы № 647 пойызды тексеру барысында 50 жастағы Өзбекстан азаматынан кедендестірілмеген 3 918 000 теңге табылды."Бейнеу" кеден бекетіне тапсырылатын болады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны