27.04.2015, 18:49 3895

97,7% сайлаушы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді

26 сәуірде елімізде ҚР Президентініӊ кезектен тыс сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясыныӊ мәліметіне сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев айқын басымдықпен жеӊіске жетті

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - 26 сәуірде елімізде ҚР Президентініӊ кезектен тыс сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясыныӊ мәліметіне сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев айқын басымдықпен жеӊіске жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚР Президентініӊ сайлауында 97,7% сайлаушы дауыс берді. Бұл туралы бүгін ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады. деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Мәліметтер Қазақстанныӊ 14 өӊірінен және Астана мен Алматы қалаларынан келіп түсті.

- Бұл ақпарат әлі нақтыланады. Бұған заӊ бойынша екі күн беріледі. Сайлау туралы заӊға сәйкес 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасыныӊ Президентін сайлаудыӊ соӊғы нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы сайлаудан кейін жеті күннен, яғни 2015 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей белгілеуі тиіс, - деді Қ. Тұрғанқұлов.

ҚР Президентініӊ сайлауында Қазақстан халқыныӊ жалпы санынан тізімге тіркелген 95,11% дауыс берді.

Атап өтейік, Астана қаласында 254 сайлау учаскесі тіркелген, олардыӊ 189 жергілікті жерде, 65 шетелдік елшіліктерде. Астана қаласында 400 434 сайлаушы тіркелген. Елордадағы сайлаушылардыӊ дауыс беруге қатысуы 95,22% құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны