08.02.2019, 22:59 8104

"Назарбаев Қоры" дербес білім беру ұйымдары тобының инвестициялық компаниясы "Цеснабанк" АҚ акцияларының 99,5%-ына ие болды

Назарбаев Университеті - бұл жай ғана таңдаулы білім беру моделі мен ғылыми практика ғана емес, ол сондай-ақ Қазақстанның, оның институттарының, экономиканың және халықтың орнықты әрі қарқынды дамуына көмек көрсетуге арналған негізгі ұлттық жоспар болып табылады, - дейді Шигео Катсу

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" дербес білім беру ұйымдары тобының инвестициялық компаниясы "Цеснабанк" АҚ акцияларының 99,5%-ына ие болды.

"First Heartland Securities" (бұдан әрі - FHS), "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" дербес білім беру ұйымдары тобына тиесілі қаржылық холдингтік компанияның инвестициялық бөлімшесі Сатып алу-сату шарты бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкі мақұлдаған Негіздемелік келісімге сәйкес "Цеснабанк" АҚ-ға ие болды.

"Цеснабанк" АҚ топтың инвестициялық құрылымдарының маңызды буынының бірі болады. Банктің күштері шағын және орта бизнеске арналған банк көрсететін қызметтер мен өнімдерін дамытуға бағытталады. Банктің қызметі Қазақстан экономикасын әртараптандыру және тұрақты дамыту бойынша әртүрлі бастамаларды іске асыруға арналады.

Топтың ішінде әлемдік практикаға сәйкес топ қызметін қолдау үшін құрылған эндаумент қорлар және қаржылық ұйымдар сияқты, инвестициялық құрылымдар жұмыс істейді. Цеснабанк тобына кіру білім беру және ғылыми бағдарламаларды қаржыландыру бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді, тұтастай алғанда, топтың қаржылық жағдайын жақсартады, сондай-ақ маңыздысы, ғылым мен білім берудің бизнеспен өзара іс-қимылына көмектесетін жаңа институционалдық модель құрылады.

Назарбаев Университеті - бұл жай ғана таңдаулы білім беру моделі мен ғылыми практика ғана емес, ол сондай-ақ Қазақстанның, оның институттарының, экономиканың және халықтың орнықты әрі қарқынды дамуына көмек көрсетуге арналған негізгі ұлттық жоспар болып табылады, - дейді Шигео Катсу, "Назарбаев Университеті" ДБҰ Президенті және және "Назарбаев Зияткерлкі Мектептер" ДБҰ Қамқоршылық кеңестің төрағасы.

Жоғары кәсіби тәжірибеге ие бола отырып және Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен FHS Цеснабанкті халыққа, шағын және орта бизнеске арналған банк ретінде дамытуды жалғастырады.

Өз тарапынан Назарбаев Университеті озық халықаралық стандарттарға сәйкес банктің ашық және тиімді басқарылуын қамтамасыз етеді,- деп сөзін жалғастырды Катсу мырза.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны