18.02.2019, 18:24 7061

Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды

Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды.

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылғы 12 ақпандағы жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны