03.05.2019, 12:04 7714

Мәжіліс депутаттары Шымкентте "Құтты мекен" жобасының іске асырылуымен танысты

Елімізде жүзеге асырылып жатқан "Құтты мекен" партиялық жобасы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекетіміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін әзірленген.

Шымкент. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары, "Nur Otan" партиясы парламенттік фракциясының мүшелері Дархан Мыңбай, Әбдіманап Бектұрғанов, Сәкен Қаныбеков, Уәлихан Қайназаров, Фахриддин Қаратаев Шымкентте "Құтты мекен" жобасы аясында бірқатар әлеуметтік нысандарға барды.

Депутаттар Бадам өзені арқылы өтетінкөпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

- Бұл объект қала үшін ғана емес, ел үшін де өте маңызды. Өйткені көпір екі мегаполисті - Шымкентпен Ташкентті байланыстырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жағдай жасайды. Сондықтан, барлық мәселелер тез арада шешіліп, нысан өз уақытынды пайдалануға беріледі деген сенімдеміз, - деп атап өтті мәжілісмен Дархан Мыңбай.

Сондай-ақ, осы күні парламентшілер "Сәуле" ықшамауданындағы №76 мектеп ұжымымен кездесті. Халық қалаулылары мектеп жанынан салынып жатқан қосымша 300 орындық оқу ғимараты, спорт залы, шеберхана мен асхана құрылысымен танысты.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан "Құтты мекен" партиялық жобасы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекетіміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін әзірленген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны