07.05.2019, 14:31 8909

ҚР ҰҚК Шекара қызметі жұмыстан босатылған әскери қызметшілерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша түсініктеме жариялады

ҚР ҰҚК Шекара қызметі жұмыстан босатылған әскери қызметшілерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша түсініктеме жариялады

Нұр-Сұлтан. 7 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Шекара қызметі жұмыстан босатылған әскери қызметшілерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша түсініктеме жариялады. Онды былай делінген:

"ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 64 бабы 1 тармағына сәйкесеңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы:

1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және қызметтен босатылған кезде қызметте болудың ҚР заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;

2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған;

3) жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың ҚР заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жыл алты айында үзіліссiз әскери қызметте болған, ҚР заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына, не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметтен бұрындары зейнетақы төлемдерi тағайындалмай босатылған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшiлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Зейнетақылық құжаттарды дайындау қызметіне 8 (7172) 719-433 телефоны бойынша хабарласуы қажеттілігі туралы хабарлаймыз, деп жазады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны