09.05.2019, 14:34 15298

Шекарашылар Каспий теңізінде мемлекетімізге келтірілуі мүмкін 101 504 500 теңге шығынның алдын алды

100 ден астам бекіре тұқымдас балықтар теңізге тірідей құтқарылып, Мемлекетке келтірілуі мүмкін 101 504 500 теңге шығынның алды алынды.

Нұр-Сұлтан. 9 мамыр. Kazakhstan Today - Еліміз Отан қорғаушылары күнін мерекелеп жатқан кезде (мамырдың 6-7 күндері) Шекарашылар Каспий теңізінде мемлекетімізге келтірілуі мүмкін 101 504 500 теңге шығынның алдын алып, Батыс шекарада жалпы құны 10 420 000 теңгенің шекара арқылы заңсыз өткізуге талпынған тауарларын Мемлекеттік кіріс департаменттеріне тапсырды.

Шекара қызметінің "Жағалау күзеті" өңірлік басқармасына қарасты шекара кемелері теңізден екі күнде жалпы көлемі 9350 дана ілмекті аулау құралдары мен 200 метр ау тауып жинап алды. Аумақтық және ішкі сулар тәртібін бұзғандығы үшін бір Қазақстан азаматын ұстап, одан үрлемелі қайық тәркілеп, 25250 теңге айыппұл салды. 100 ден астам бекіре тұқымдас балықтар теңізге тірідей құтқарылып, Мемлекетке келтірілуі мүмкін 101 504 500 теңге шығынның алды алынды.

Осы аталған Өңірлік басқармаға қарасты Атырау шекара отрядының "Құрманғазы-авто" бөлімшесінде Қазақстаннан Ресейге қарай "ДАФ" автокөлігімен өтпекші болған 44 жастағы Әзірбайжан азаматы ұсталды. Шекара наряды оның автокөлігін тексеру барысында кабинадағы орындықтың астынан 1 дана, салмағы 12 кг-ға жуық бекіре балығын тауып алды. Мемлекетке келтірілген шығын 3 030 000 теңге деп есептелінді.

Орал шекара отрядының "Сырым авто" бөлімшесі және Ақтөбе шекара отрядының "Әлімбет авто" "Жайсаң авто бөлімшелері Мемлекеттік шекарадан өткізуге рұқсат қағаздары жоқ 10 420 000 теңгенің тауарларын (21 тонна бұрын пайдаланылған құбырлар, трактордың қосалқы бөлшектері, "Билайн" сим карталары, 1000 литр дизель отыны, халық тұтынатын тауарлар) актімен Мемлекеттік кіріс департаменттеріне тапсырды.

Семейдің "Ауыл авто"бөлімшесінде шекара наряды Қазақстаннан Ресейге қарай 200 жәшік "ZUMERRET" атаулы, акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерін өткізбек болған екі Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны