28.05.2019, 19:20 9094

Ұлттық тестілеу орталығының бас директорының міндетін атқарушы пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Қазіргі таңда бұрынғы Ұлттық тестілеу орталығының бас директорының м.а. (орталықты 2016 жылы басқарған) білім жүйесімен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында үлестес компаниялардың мүддесіне лобби жүргізу үшін бағасы 9 млн. астам теңге құрайтын "Тойота-Камри" маркалы жаңа автокөлік түріндегі пара алған күдікті деп танылуда.

Нұр-Сұлтан. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро ҚР Білім және ғылым министрлігі "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшылығы тарапынан парақорлықтың сыбайлас жемқорлық схемасының жолын кесті. Бұл туралы мекеменің брифингінде мәлім болды.

Қазіргі таңда бұрынғы Ұлттық тестілеу орталығының бас директорының м.а. (орталықты 2016 жылы басқарған) білім жүйесімен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында үлестес компаниялардың мүддесіне лобби жүргізу үшін бағасы 9 млн. астам теңге құрайтын "Тойота-Камри" маркалы жаңа автокөлік түріндегі пара алған күдікті деп танылуда.

"Автокөлік түріндегі пара заты алынды және қамалды.

Параны алу туралы жинақталған дәлелдемелерді есепке алумен және түскен өтініш негізінде сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген түрде жүргізілуде",- деп хабарлайды мекеме.

Сондай-ақ ұқсас заңсыз іс-әрекеті үшін, яғни 2017-2018 жж. кезеңінде делдал арқылы жүйелі негізде аса ірі көлемдердепара алғанаталған Ұлттық тестілеу орталығының бас директорына (2017 жылдан қазіргі уақытта дейін орталықты басқарған) қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Аталған тұлғалардың кінә дәрежесі сотпен анықталатын болады.

Айта кетейік, орталық білім сапасын бағалау жүйесінің аясында емтиханның барлық түрлерін ұйымдастырумен және өткізумен айналысады.

Анықтама: Орталық емтихандар мен мониторингтердің келесі түрлерін жүргізеді:ұлттық бірыңғай тестілеу, кешенді тестілеу, жоғары және орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау, мемлекеттік аттестаттау барысында білім беру ұйымдарында білім алушыларды кешенді тестілеу, педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - ҚАЗТЕСТ.

Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға үлкен назар бөліп отыр. Агенттік ақпаратына сәйкес, соңғы 3 жылда білім саласында 620 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды, залал сомасы - 1,5 млрд. теңге. 364 тұлға әшкереленді, оның ішінде 57 мектеп директоры, 10 колледж директоры, 22 балабақша мегерушісі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны