03.06.2019, 21:42 8656

Еңбек министрлігіндеАӘК тағайындау кезінде алаяқтыққа жол бермеу мәселелері талқыланды

Оған Жоғарғы Сот, Әділет, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Нұр-Сұлтан. 3 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша кеңес өтті.

Оған Жоғарғы Сот, Әділет, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

"Ел Президенті Қ.К. Тоқаев Үкімет пен Президент Әкімшілігіне алаяқтықты тоқтату үшін цифрландыруды жеделдетуді тапсырды. Біздің міндетіміз - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде толық заңдылықты сақтау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қысқа мерзімде ұйымдастыру", - деп атап өтті Сапарбаев.

Кеңеске қатысушылар аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, оның ішінде өтініш берушілердің жәрдемақыға берген мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың деректер қорын өзектендіру және одан әрі интеграциялау, ауылдық жерлердегі байланыс каналдарын кеңейту, сондай-ақ жалған ажырасуға жол бермеу сынды өзекті мәселелерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша, АӘК рәсімдеу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмауға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.

Сонымен қатар, Министр орынбасарларының басшылығымен Еңбек министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері жергілікті жерлердегі барлық рәсімдердің заңдылығының сақталуын бақылау үшін өңірлерге барады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны