12.06.2019, 23:54 8317

Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

- Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Нұр-Сұлтан. 12 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі заң мен құқық тәртібінің сақталуы жөнінде ақпарат берілді.

Қазақстан Президенті Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде тез арада шаралар қабылдауды тапсырды.

- Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны