13.06.2019, 22:43 8588

Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Нұр-Сұлтан. 13 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мәжілістің Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 маусымда Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындау үшін Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың кандидатурасына келісім берді.Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Негізгі баяндаманы Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев жасады.

Мәжіліс депутаттарының алдында сөз сөйлеген Қ. Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі депутаттардың қарауына Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындауы үшін Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың кандидатурасын ұсынғанын хабарлады.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері А.Аймағамбетовқа бірқатар сұрақтар қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың кандидатурасы Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны