19.06.2019, 22:59 11992

"Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңның негізгі ережелеріне түсініктеме

"Табиғи монополиялар туралы" Заң жаңа редакцияда: 1. Табиғи монополиялар саласына инвестициялар ағынын ұлғайтуды; 2. Табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділігін арттыруды; 3. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің сапасы мен сенімділігін жақсартуды; 4. Тарифті қалыптастыру процесінің ашықтығын арттыруды; 5. Тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауды күшейтуді қамтамасыз етеді.

Нұр-Сұлтан. 19 маусым. Kazakhstan Today - "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Заңы (бұдан әрі - Заң) 2019 жылғы 15 қаңтарда күшіне енді.

Заң мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

- табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы жүйелеу;

- табиғи монополиялар субъектілерінің қызметінің тиімділігін, олар ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында олардың қызметін реттеудің жаңа ынталандырушы әдісін енгізу;

- табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейту.

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының ескі редакциясына 15 заңмен 200-ден астам түзетулер енгізілді.

Осыған байланысты, заң жүйелілікті жоғалтты және сілтемелердің едәуір саны болды, сондай-ақ қабылдауға ауыр болды.

Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу, тарифтерді қалыптастыру және бекіту рәсімдері бұрын 79 заңға тәуелді актіде бекітілген болатын.

Заңда сілтеме нормалары азайтылды және барлық заңға тәуелді актілер тәртібін айқындайтын екі базалық құжатқа біріктірілді:

- реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру;

- табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар субъектілері үшін уәкілетті орган мемлекеттік органдармен бірлесіп реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін бекітетін болады.

Мысалы,

Электр энергетикасы саласында сапа мен сенімділіктің көрсеткіштерін енгізу жоспарлануда.:

- сапасыз қызмет көрсетуге тұтынушылар шағымдарының саны;

- ұзақ мерзімді жоспардан тыс ажыратулардың орташа саны мен ұзақтығы.

Жылумен жабдықтау саласында:

- жылыту маусымы ішінде жылумен жабдықтауды өшіретін тұтынушылар саны (күн).

Сумен жабдықтау саласында:

- 4 сағаттан артық су беруде үзілістер саны;

- су құбыры желісіне берілген судың жалпы көлемінде тасымалдау кезінде сумен жабдықтау жүйелеріндегі су ысырабының үлесі.

Осы көрсеткіштерге қол жеткізбеу тариф деңгейіне оны төмендету арқылы әсер ететін болады.

Сондай-ақ тарифті қалыптастыру кезінде субъектінің шығындарын жыл сайын азайтуға бағытталған тиімділік көрсеткіші қолданылатын болады. Яғни, бекітілген тарифте жыл сайын шығындарды төмендетуге индекс директивалық түрде берілетін болады.

Осылайша, субъект индекс шеңберінде өз шығындарын төмендетуге мәжбүр болады.

Берілген индекстің артуы субъектінің шығындарына алып келеді және керісінше шығындарды оңтайландыру субъектіге ақша қаражатының үнемделген бөлігіне дербес билік етуге мүмкіндік береді.

Тариф белгілеудің жаңа ынталандыру әдісін қолдану субъектілердің экономикалық және технологиялық дайындығы кезінде ғана мүмкін болатынын атап өту қажет.

Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауды күшейту мақсатында заңмен 2 жаңа институт енгізілді: тарифтік саясат жөніндегі кеңес, қоғамдық бірлестіктер.

Осы институттардың жұмысы тұтынушылардың қаражатын пайдалану және көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелерінде монополистердің қызметіне бақылауды айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап монополистердің тарифтерді бекітуге арналған өтінімдерін қарау және барлық тұтынушылар үшін материалдар мен тарифтерді есептеуге толық қол жеткізуді қамтамасыз ету электрондық нысанда жүзеге асырылады.

Табиғи монополия саласындағы проблемалардың бірі - реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу.

Тұтынушылардың монополист қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Заң тұтынушылардың реттелетін қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі норманы, оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізуді ұсыну кезінде табиғи монополия субъектісінің іс-әрекетін шектеуді қамтиды.

Осылайша, "Табиғи монополиялар туралы" Заң жаңа редакцияда:

1. Табиғи монополиялар саласына инвестициялар ағынын ұлғайтуды;

2. Табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділігін арттыруды;

3. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің сапасы мен сенімділігін жақсартуды;

4. Тарифті қалыптастыру процесінің ашықтығын арттыруды;

5. Тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауды күшейтуді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны