07.06.2019, 19:52 8602

Батыс Қазақстан облысында бизнес өкілдері арасында анкеттеу жүргізілді

Орал. 7 маусым. Kazakhstan Today - "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің шеңберінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен жоба үйлестіруші Ғабидолла Оспанқұлов арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаменті 2019 жылдың 23 және 27 мамыры аралығында бизнес өкілдері арасында анонимді анкеттеу жүргізілді.

Әлеуметтік сауалнамаға бүкіл облыс көлемінен 199 кәсіпкер қамтылды. Анкета толтыру нәтижесінде анықталғандай, олардың 68% -дан астамы сауда саласында, қалғандары ауылшаруашылығы және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін болып шықты. Басым бөлігі (76,7%) - шағын бизнес субъектілері және небәрі 8% -ы ірі бизнес өкілдері екен.

Сауалнамаға қатысқандардың 92%-ы бизнес жүргізуді жүзеге асыру барысында әкімшілік кедергілерге душар болмағандарын атап көрсеткен. Қалғандары жер телімін алудағы төрешілдікке шағым айтқан, несиелендіруде мемлекет тарапынан қолдау керектігін, банктерде және жергілікті өзін-өзі басқару барысында кедергі кездесетінін, сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек көптігін айтқан. Анкета толтырушылардың 86,4 %-ы нысандарды тексеру кезінде мемлекеттік органдардың өкілдері заң бұзбайтынын айтса, небәрі 3,7 %-ы осындай заң бұзушылықты анықтаған. Бұл ретте 7 кәсіпкер мемлекеттік билік өкілдері тарапынан ақшалай сыйақы бопсалау дерегімен бетпе-бет келген. Ал басым бөлігі (89%) мұндай оқиғаға душар болмапты.

Сауалнамаға қатысқандардың 35,3 %-ы "мәселені сол жерде" шешу үшін мемлекеттік билік өкілдеріне ұсынылған сыйақы мөлшері 2000 теңгеден аспағанын, 17% -ы бұл соманың 2000 теңге мен 5000 теңге аралығында екенін, тағы да 17% -ы 5000 теңге мен 10000 теңге аралығында екенін, ал 23% - дан астамы сыйақы мөлшері 20 мың теңгеден астам болғанын мойындаған.

Мемлекеттік билік өкілдері тарапынан қысым көрсетілу немесе ақша бопсалау оқиғаларында, сауалнама қорытындысы бойынша, кәсіпкерлер прокуратураға (53%), "Атамекен" ҰКП (14,9%), Ұлттық бюроға (8,8%) жүгінген жөн деп санайды.

Осы социологиялық сауалнама мәліметтері тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою тетіктерін әзірлеуге жәрдемдеседі деп күтіліп отыр, деп қорытады "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесіндегілер.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны