23.06.2019, 23:36 7792

ҚР Ауыл шараушылық министрлігінің агроөндірістік комплексінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысына сөгіс жарияланды

Қарау нәтижелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке 557 мемлекеттік қызметкер тартылды, оның ішінде 76-сы жұмыстан шығарылды.

Нұр-Сұлтан. 23 маусым. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қылмыстың алдын алу жұмысына үлкен көңіл бөледі.

Мысалы, 2019 жылдың 5 айында тергеу нәтижелері бойынша ҚІЖК-нің 200-бабы тәртібінде мемлекеттік органдарға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша 1 373 ұсыныс енгізілді.

Олардың көпшілігі ішкі істер органдарына, әкімдіктерге, білім беру мекемелеріне, мемлекеттік кіріс органдарына жіберілді.

Қарау нәтижелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке 557 мемлекеттік қызметкер тартылды, оның ішінде 76-сы жұмыстан шығарылды.

Бағыныштылармен бақылаудың болмауы және заңдылықтың бұзылуына жол бергені үшін әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке 190 басшы тартылды.

Мысалы, ҚР Ауыл шараушылық министрлігінің агроөндірістік комплексінің Өскемен қалалық аумақтық инспекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактілері бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысын жеткіліксіз ұйымдастырғаны және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысының а.ж. 10 маусымдағы бұйрығымен Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысына сөгіс жарияланды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны