23.06.2019, 23:47 10750

Атырау қаласының Жергілікті полиция қызметі басшылары қол астындағылардан пара алғаны үшін сотталды

Аталған адамдар қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, қарамағындағылардан жалпы қамқорлығы үшін пара бопсалап, сондай-ақ оларға сыйақыларының 50%-ын төлеуге мәжбүр еткен.

Нұр-Сұлтан. 23 маусым. Kazakhstan Today - Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Атырау қ. полиция басқармасы ЖПҚ (Жергілікті полиция қызметі) бастығының орынбасары және бөлімше бастығы полиция подполковнигі Д. Жұмашевқа және полиция аға лейтенанты Р. Балтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Аталған адамдар қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, қарамағындағылардан жалпы қамқорлығы үшін пара бопсалап, сондай-ақ оларға сыйақыларының 50%-ын төлеуге мәжбүр етті.

А. ж. 19 маусымда Атырау қаласы № 2 сотының үкімімен Жұмашев және Балтаевқа сот үкімімен түрлі айыппұлдар жүктелді.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, арнаулы атақтарынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны