01.07.2019, 23:59 6440

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің алғашқы жұмыс күнін қаланың Қоғамдық кеңесімен кездесуден бастады

Бақытжан Сағынтаев қалалықтарға арнаған видеоүндеуінде қала тұрғындары алдында Алматы әкімі ретіндегі өзінің жауапкершілігін толық сезінетінін атап өтті.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің алғашқы жұмыс күнін қаланың Қоғамдық кеңесімен кездесуден бастады.

"Қаланың Қоғамдық кеңесі республикадағы ең белсенді болып саналады. Ол құрылған жылдардан бері қарай қала тіршілігіне қатысты ең өткір әрі барынша ауқымды мәселелердің кең спектрін шешу үшін орасан зор жұмыстар атқарылды. Қала үшін маңызды мәселелер, экология, сәулет, көлік, ТҮКШ, қауіпсіздік, әлеуметтік инфрақұрылым және басқа бірқатар қала жобалары, оның ішінде Ботаника бағын, теміржол вокзалдарын, басқаларын реконструкциялау қоғамдық талқылаудың тақырыптары болып табылады. Бұлардың барлығы әкімдік қабылдаған шешімдерде көрініс тапқан", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Мегаполис әкімі Қоғамдық кеңестің заманауи жағдайдағы жаңа рөлін атап өтті: "Сіздер үнемі халықпен біргесіздер. Сіздер қала тұрғындарының әлеуметтік көңіл күйлерін жете білесіздер. Азаматтар мен қоғамның негізгі талаптарын сезіне отырып, сіздер оларды мемлекет мүддесімен үндесуге, билік органдарының оларды шешуіне көмек бересіздер. Мен азаматтармен ашық коммуникацияны қалаймын, қаланы дамыту жоспарларымен бөлісуге, оларды ашық талқылауға дайынмын. Күшімізді біріктіре отырып, қала тұрғындарының өмір деңгейінің сапасын арттыру, инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша барынша ұтымды шешімдер қабылдауға болады", - деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Айта кетерлігі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің алғашқы құрамына 37 мүше сайланды, олардың 31 мемлекеттік емес сектор мен азаматтық қоғам өкілдері. Құрамның барлық жұмыс атқарған жылдары (2016-2019 ж.) 107 кеңес, 127 комиссия отырысы, 84 қоғамдық мониторинг және 16 қоғамдық тыңдау өткізілген.

Бұлардан өзге, Қоғамдық кеңестің мәжілістерінде нормативті-құқықтық актінің 475 жобасы қаралып, тиісті мемлекеттік органдарға 462 ұсыныстар жіберілген.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желілерде аккаунттар ашты.

Әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі Алматы әкім Бақытжан Сағынтаевтың Instagram, Facebook және Twitter бойынша әлеуметтік желілерге тіркелгенін хабарлайды.

Бақытжан Сағынтаев қалалықтарға арнаған видеоүндеуінде қала тұрғындары алдында Алматы әкімі ретіндегі өзінің жауапкершілігін толық сезінетінін атап өтті.

"Алматы - әрбір қазақстандық үшін айрықша қала және оны бәріміз жақсы көреміз. Менің басты міндетім - әрбір алматылықтың лайықты өмір сүруі үшін Алматыны қауіпсіз, жайлы, заманауи мегаполиске айналдыру. Сіздердің барлық ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізге уақтылы үн қосу мен үшін аса маңызды. Мен қала проблемалары мен оны дамыту стратегиясын бірге әрі ашық талқылауды қалаймын. Қаланың миллиондаған тұрғындарының тағдырына қатысты шешімдерді жасау мен қабылдауда сіздердің қолдауларыңыз мен үшін аса маңызды. Сіздермен диалогқа дайынмын!" - деді мегаполис әкімі.

Еске салсақ, 28 шілдеде Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалды.

Сілтемелер:

https://www.instagram.com/p/BzW7mfyhVUJ/

https://www.facebook.com/watch/?v=373862916599907

https://twitter.com/sagintayev_b/status/1145524862175367168

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны