05.07.2019, 16:25 9679

Қызылорда облысының жаңа әкімі твиттер әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты

2015-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қызылорда. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының жаңа әкімі Қуанышбек Ысқақов твиттер әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Бұл жайлы ақпарат Қызылорда облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Қадірлі жерлестер! Өздеріңізбен үнемі тікелей байланыста болу мақсатында Twitter әлеуметтік желісінде жеке парақшамды ашуды жөн санадым (@IskakovKD/Ysqaqov Q?anyshbek). Мен әрқашан Cіздермен конструктивті диалогқа дайынмын, - деді Қ.Ысқақов Твиттер парақшасында.

Айта кетейік, Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов 2019 жылдың 28 маусымдағы №39 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.

Әкімнің функционалдық міндеттері мынадай:

Қызылорда облысы әкімінің 2017 жылғы "07" наурыздағы № 508-ө өкіміне қосымша

Қызылорда облысы әкімінің 2009 жылғы "29" қазандағы № 374-ө өкімімен бекітілген

oОблыс әкімдігінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметіне және Қызылорда қаласына басшылық жасау.

oҚазақстан Республикасының Президентімен және оның Әкімшілігімен, Үкіметпен, Парламентпен және басқа да Қазақстан Республикасының конституциялық органдарымен қарым-қатынаста облыстың мүддесін білдіру.

oОрталық атқарушы органдардың барлық аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің келісімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

oӘлеуметтік-экономикалық саладағы реформаларды тереңдету, облысты дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарын жүзеге асыру, аймақтық инвестициялық саясат, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайту мәселелері.

oҚоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері.

oЖергілікті атқарушы органдардың кадрлық мәселелері.

oМемлекеттік тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, лаңкестік пен экстремистік көріністердің алдын алу және жолын кесу, құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру, облыс аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері.

oСот органдарымен қарым-қатынаста облыс әкімдігінің мүддесін білдіру.

oОблыстық мәслихатпен және облыстық Қоғамдық кеңеспен өзара іс-қимыл мәселелері.

o"Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру.

oАумақтық қорғаныс кеңесінің, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің, жастар саясаты жөніндегі кеңестің, кәсіпкерлер кеңесінің, сәулет-қала құрылысы кеңесінің, индустрияландыру картасы мен өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына жобаларды енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің, облыстық дағдарысқа қарсы штабының, жедел штабтың, бюджеттік комиссияның, кадр комиссиясының, терроризмге қарсы комиссияның, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі, мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялардың, құқық бұзушылылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімімен басқарылатын басқа да ведомствоаралық консультативтік және кеңесші органдардың қызметіне басшылық жасау.

Жаңа әкімнің өмірбаяны:

Ысқақов Қуанышбек Досмайылұлы 1968 жылы Қызылорда қаласында туған. Ы. Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын "инженер-құрылысшы", Қызылорда политехникалық институтын "бухгалтер-экономист", Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін "заңгер" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда жиһаз фабрикасында бірінші разрядты станокшы ретінде бастаған.

1986-1988 жылдары Ауғанстанда Кеңес жауынгерлерінің шектеулі құрамында әскери борышын өтеген.

1993-2003 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық комитетінде маман, инспектор, сектор меңгерушісі, төраға орынбасары қызметтерін атқарған.

2003-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің бастығы.

2011-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

2015 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы лауазымында болды.

2015-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қызылорда облысы әкімінің қызметіне тағайындалды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасы, "Ерен еңбегі үшін" медалі және "Құрмет" орденімен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны