05.07.2019, 16:59 11461

Түркістан облысы полицейлері "Оралман" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Еске сала кетсек, "Оралман" мәртебесінің уақыты өтіп кеткен оралмандар, оны ұзарту үшін жергілікті атқарушы органдарға барулары керек. Кейін жеңілдетілген түрде азаматтық алу үшін құжаттарын тапсыру қажет. Қазіргі таңда, "Оралман" жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жалғасын табуда.

Түркістан. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2019 жылы наурыз айының 16-сы күні "Оралман мәртебесінің мерзімін өткізіп алған этникалық қазақтарға жеңілдетілген түрде ҚР азаматтығын беруді" тапсырған болатын.

Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков аталған жүйе бойынша көші-қон қызметі мамандарына кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды бекітіп берді. Осыған орай, Түркістан облысы аумағында 2019 жылғы 2-5 шілде аралығында тарихи Отанға оралған азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, "Оралман" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

"Оралман" жедел-профилактикалық шарасы барысында облыстың тәртіп сақшылары этникалық қазақтарға оралман мәртебесін созуға немесе алуға болатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара аясында жалпы 567 үй тексеріліп, оның ішінде 275 этникалық қазақтар анықталып, олардың арасында "Оралман" куәлігінің мерзімі өткен 27 тұлға анықталды. Сонымен қатар, өткізіліп отырған профилактикалық жедел іс-шарада түрлі себептермен "Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан, оралман куәлігінің мерзімін ұзартудан" 21 тұлға бас тартса, ал 3 күннің ішінде 33 тұлғаға қатысты "Оралман" мәртебесі ұзартылды.

Бұдан басқа, 32 этникалық қазақтар ҚР азаматтығына қабылданып, құжаттары қаралуда.

Еске Еске сала кетсек, "Оралман" мәртебесінің уақыты өтіп кеткен оралмандар, оны ұзарту үшін жергілікті атқарушы органдарға барулары керек. Кейін жеңілдетілген түрде азаматтық алу үшін құжаттарын тапсыру қажет. Қазіргі таңда, "Оралман" жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жалғасын табуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны