16.08.2019, 19:03 11755

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бурабай ауданында жаңа әкімді таныстырды.

Нұр-Сұлтан.16 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бурабай ауданында жаңа әкімді таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімдері бойынша оған Әсет Азаматұлы Мұздыбаев тағайындалды.

Әсет Мұздыбаев, 1972 жылы туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша және Көкшетау университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

1992-2005 жылдары коммерциялық құрылымдарда істеді. 2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы "Казстройсистема" АҚ менеджері, бөлім басшысы, құрылыс компаниясының бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РММ инженерлік-техникалық бөлімінің бастығы болып істеді.

2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы өндірістік инфрақұрылым басқармасының бастығы. 2014 жылдан бастап 2019 жылдың қаңтарына дейін ҚР ПІБ "Қараөткел" РМК директорының орынбасары болып істеді.

Осы тағайындауға дейін Аршалы ауданы әкімінің орынбасары болып істеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны