09.09.2019, 21:56 20515

"Парасатты полицей" байқауының жеңімпаздары анықталды

Бас жүлде парасатты өнер көрсеткен Алматы облысы Полиция департаментінің "Жетісу арландары" командасына берілді.

Нұр-Сұлтан. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрлігінің бастамасымен полиция қызметкерлері арасында Ақтау қаласында өткізілген кезекті "Парасатты полицей" республикалық байқауы қорытындыланды.Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровіс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Маңғыстау облысының Полиция департаментінің басшылары мен жеке құрамынаалғысын білдірді. Сонымен бірге облыс әкімі Серікбай Трұмовқа ІІМ-нің алғысхатын табыс етті.

Әділ қазылар алқасының шешімімен мемлекеттік тілде білімдері мен біліктіліктерін көрсеткен, үздік деп танылған командаларды анықтау сәтінде арнайы номинациялар бойынша дипломдар мен жүлделер тапсырылды.

Бас жүлде парасатты өнер көрсеткен Алматы облысы Полиция департаментінің "Жетісу арландары" командасына берілді.

Жүлделі бірінші орынды Көліктегі Полиция департаментінің "Көлік сақшылары" командасы еншіледі.

Екінші орынға ие болған Шымкент қаласы Полиция департаментінің "Мегаполис" пен Ақтөбе облысы Полиция департаментінің "Серт береміз!" командалары ерекше өнерлерімен ерекшеленді.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің "15-өңір", Жамбыл облысы Полиция департаментінің "Тараз қырандары" және Ақмола облысы Полиция департаментінің "Көкше сақшылары" командалары үшінші орынға ие болды.

Сонымен қатар "Актерлік шеберлігі үшін" номинациясымен Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің "Жетінші аймақ" командасы марапатталды.

"Тілі басқа, тілегі бір" номинациясы Павлодар облысы Полиция департаментінің "Сарыарқа сақшылары" командасы, "Көркем сөз шебері" номинациясымен Қостанай облысы Полиция департаментінің "Алаш ұлы" командасына берілді.

ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының "Полиция ажары" командасы "Ұйымшыл команда" номинациясымен табысталса, Қызылорда облысы Полиция департаментінің "Сыр сарбаздары" командасы өнерімен "Өнерлі команда" атанды. Атырау облысы Полиция департаментінің "Елдің баласы" командасы ерекше көзге түсіп, "Көрермен көзайымы" номинациясын жеңіп алды.

Сонымен қатар, сахна төрінде облыс әкімі Серікбай Трұмов құттықтау сөзін айтып, байқауда жүлделі орындарға ие болмағанмен мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда белсенділік танытып, өнер көрсеткен 8 командаға Маңғыстау облысы әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етті.

Сөз соңында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қанат Таймерденов командаларды құттықтап, Ішкі істер министрлігіне ерекше алғыс білдіріп, дәстүрге айналған "Парасатты полицей" республикалық байқаудың рәмізін 2020 жылы аталған байқау өтетін Ақмола облысы Полиция департаментіне табыстады. Ақмола полицейлері марафонды қабыл алып, көрермендерге ән шашуын сыйлады.

Әр команда мүшелері бағалы сыйлықтар мен марапаттарға, команда жетекшілері де арнайы сыйлықтарға ие болды.

Еліміздің батыс өлкесінде өткен осынау байқау Қазақстан полициясының мемлекеттік тілді мәртебесін арттыруға үлес қоса отырып, халықпен байланысын арттыра түсетінін көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны