Система Orphus

Батыс Қазақстан облысында жолдарды жөндеуге қоғамдық бақылау орнату ұсынылды

17.09.2019, 13:45 27379
Батыс Қазақстан облысында жолдарды жөндеуге қоғамдық бақылау орнату ұсынылды

Орал. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Жол активтерінің сапасы бойынша ұлттық орталықтың" Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен, "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен және Арнайы монтиторингтік топпен бірлесе отырып, "Сапалы Жол" жобасының аясында жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын бақылауды жүзеге асырып отыр.

Жол құрылысын жүргізушілерді жұртшылық өкілдері де қадағалауда. Биылғы жылы Батыс Қазақстан облысында жолдарды жөндеуге 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

150 шақырымнан астам автокөлік жолдарын жөндеу жоспарланды.

Қазіргі күні негізгі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Айта кету керек, жолдардың сапасын қадағалау жөніндегі орталықты қайта құруға дейін тек республикалық маңызы бар жолдардың сапасын қадағалау сапарларын ғана жүзеге асыратын. Ал биылдан бастап облыстық маңызы бар жолдарға да бақылау жүргізетін болса, келесі жылдан бастап мамандар қалалық жолдарды да қолға аламыз деп уәде беріп отыр.

"Жол активтерінің сапасы бойынша ұлттық орталықтың" Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Жасқайрат Ғаббасов:

"Келешекте қала көшелеріндегі жолдардың сапасы да қадағаланатын болады. Бізге өте көп шағым келіп түседі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және Арнайы монтиторингтік топпен бірлесе отырып жолдарға сапарлар ұйымдастырылады. Жуырда Орал-Теплое бағытындағы автокөлік жолдары бойынша шағымдар келіп түскен. Бұл аумаққа таяуда сапарға шығамыз",- дейді.

Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Біржан Хайруллин жол сапасын бақылаудан тысқары қалмай белсенділік танытуға шақырады.

"Облыстың барлық азаматтарын тек автокөлік жолдарын бақылауға ғана емес, бірлесе жалпы бақылауға шақырамыз. Мердігер мен тапсырыс беруші қоғам тарапынан бақылауды сезінсе, өз міндеттемелерін сапалы орындайтын болады. Егер автокөлік жолдарын жөндеу бойынша бұзушылықты байқаса, бізге кез-келген сәтте фото және бейнематериалдарды жолдай алады. Біз оны міндетті түрде қарастырып, тиісті шараларды қолданатын боламыз",- дейді ол.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны