17.09.2019, 13:51 29109

Орал қаласында орналасқан ақылы айыппұл тұрақтарының іс-қызметіне мониторинг жүргізілді

Орал. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың -тамызында "Ақжайық - адалдық алаңы" жобасының шеңберінде Орал қаласында орналасқан ақылы айыппұл тұрақтарының іс-қызметіне мониторинг жүргізілді.

Бүгінгі күні қалада екі айыппұл тұрағы жұмыс істейтіні белгілі болды.

Оның қызметкерлері, автокөлік құралын алған кезде, Әкімшілік полициясы басқармасының рұқсатымен қатар азаматтардан автокөліктің техникалық төлқұжатының, жеке куәліктің, автокөліктің сақтандыру полисінің, жүргізуші куәлігінің көшірмелерін және басқа да бірқатар құжаттарды қосымша талап етеді. Бұл талаптар жасанды әкімшілік кедергілер түрінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады, бұл кейін азаматтардың наразылығына алып келеді, дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жобалық кеңсенің төрайымы Әлия Салиева.

Тиісті нұсқаулар БҚО Полиция департаменті мен Орал қалалық әкімдігіне жолданды.

Бір айдан кейін айыппұл тұрақтарының қосымша құжаттарды талап етуі алып тасталды.

Осылайша, 2019 жылдың 5 қыркүйегінде "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәметтің төрағалық етуімен ақылы айыппұл тұрақтарының іс-қызметіне қатысты отырыс болып өтті.

Оған Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті Әкімшілік полициясы басқармасының, Орал қалалық қаржы бөлімінің өкілдері және айыппұл тұрақтарының басшылары ("Байлауов" ЖК және "БҚО Чернобыль мүгедектері мен ардагерлері" ҚБ) қатысты.

Жиналыс барысында азаматтардан қосымша құжаттардың көшірмелерін талап етудің заңдылығына қатысты мәселе қарастырылды.

Бұл талаптардың "Жеке мәліметтер және оларды қорғау туралы" ҚР Заңының нормаларына қайшы келетіні атап өтілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде айыппұл тұрақтарының иелері осындай әрекеттерден бас тартты. Сонымен бірге қалалық қаржы бөліміне қала аумағында жұмыс істейтін айыппұл тұрақтарының қызметін реттейтін тиісті құқықтық акт дайындау туралы нұсқау берілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны