01.10.2019, 18:37 16834

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бақытжан Сағынтаевпен бірге Алматы бюджеті есебінен салынған нысандардың сапасын тексерді.

Алматы. 1 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бақытжан Сағынтаевпен бірге Алматы бюджеті есебінен салынған нысандардың сапасын тексерді.

Алдымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үйлердің жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде Алматы қаласы жауапты 14-секторда - 531 нысанды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 503-і жөндеу жұмыстарын қажет етсе, 28 үйдің қабырғалары толықтай сүріліп, жаңадан салынуда. Қалпына келтіру жұмыстарына - 5 компания, 300-ден астам құрылысшы тартылған.

Сапар барысында Алматы қаласының басшысы құрылысшылармен кездесіп, Алматы қаласына бекітілген 14-сектордың жауаптыларына құрылыс қарқынын жылдамдатуды, бекітілген кестеден кешіктірмей шұғыл түрде өткізуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысындағы Медиа орталықтың құрылыс алаңында болды. Алматы қаласы әкімдігінің Түркістанға тартуы қаланың жаңа әкімшілік және іскерлік орталығындағы құрылысы бітуге жақындаған алғашқы нысандардың бірі. Медиа орталықта облыстық телеарналар мен газеттердің, радиолардың редакциялары және республикалық БАҚ өкілдіктері орналасып, жан-жақты ақпарат тарататын болады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Түркістан қаласындағы медиаорталықтың құрылыс алаңында болды. Бұл - Алматының еліміздің рухани астанасына жасаған сыйлығы. Айта кетерлігі, ол қаланың жаңа әкімшілік- іскерлік орталығындағы құрылысы аяқталған алғашқы нысандардың біріне айналмақ. Медиаорталық астаналық "Қазмедиа орталығы" ТРК-дан кейін жаңадан салынған екінші нысан болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанның қалған барлық медиаорталықтары жабдықталған ғимараттарда орналасқан. Медиаорталық ғимараты шынымен толық әрленген. Оның жалпы көлемі - 3000 шаршы метрден астам. Мұнда облыстың барлық телеарналарының, газет пен радионың редакциялары орналасады. Өңірге түркітілдес елдердің ірі БАҚ өкілдерін шақыру жоспарланған.

Жобаның жалпы құны - 4,8 млрд тг. Оның үстіне, тек құрал-жабдықтар құнының өзі 2 млрд тг. құрайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың ақпан айында басталған еді. Құрылыстың аяқталуы - 2019 жылдың қазан айы. Барлық қажетті жабдықтарды толығымен орналастыру шешуші кезең болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны