03.10.2019, 18:56 32943

Қазақстанның Батысында аумақтық қорғаныс батальондарының оқу-жаттығулары өтті

Арнайы-тактикалық оқу-жаттығудың аңызы бойынша заңсыз қаруланған топ үш жеңіл автокөлікте мұнай өңдеу зауытының аумағына келіп кірді. Бұзақылар шекарадан өтіп, диверсия ұйымдастыру мақсатымен кішігірім топтармен "Қарабатан" елдімекеніне бет алды.

Алматы. 3 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның Батысында аумақтық қорғаныс батальондарының оқу-жаттығулары өтті.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының "Қарабатан" полигонында аумақтық қорғаныс бригадасының батальоны мен арнайы әскерлер батальоны қатысқан оқу-жаттығуларының белсенді фазасы өтті.

Арнайы-тактикалық оқу-жаттығудың аңызы бойынша заңсыз қаруланған топ үш жеңіл автокөлікте мұнай өңдеу зауытының аумағына келіп кірді. Бұзақылар шекарадан өтіп, диверсия ұйымдастыру мақсатымен кішігірім топтармен "Қарабатан" елдімекеніне бет алды.

Бригаданың аумақтық қорғаныс және арнайы әскерлер батальондары жоспарланған шабуыл орны мен мемлекеттік маңызы бар объектілерді бақылауға алды. Бұзақылар блокпостқа шабуыл жасап, олармен аумақтық қорғаныс батальоны ұрысқа түсті.

Шартты жауынгерлердің көзі жойылып, оқу-жаттығудың белсенді фазасы аяқталды. Диверсанттардықарусыздандыруоперациясының жетекшісінің баяндамасы бойынша, жеке құрам қойылған тапсырманы сәтті орындай алды.

Біраз уақыттан бері, оқу-жаттығуда облыс аудандарындағы қордағы офицерлер қатысқан болатын. Басты мақсат - жиынның барысында әскери-есептік мамандықтар бойынша бес күн ішінде дайындық өткен резервті даярлау.

Оқу-жаттығуды іс жүзінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев басшылық етті, сонымен қоса, оқу-жаттығуға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

Тәжірибе бойынша, кез-келген әскери қауіптен сәтті қорғану, тек қана түрлі бағыттағы әскери құрылымдардың өзара әрекеттестік болған жағдайда ғана кепіл болуы мүмкін. Олардың жоғары машықтылығы, қауіп төнген бағыттағы кризистік ситуацияны оқшаулау үшін жедел және қысқа уақытта әскерлерді ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны