Система Orphus

Батыс Қазақстан облысында түзету мекемелерінің қызметкерлері тарапынан қызметтік мүддені сату деректері ашылды

17.10.2019, 17:25 18361
Батыс Қазақстан облысында түзету мекемелерінің қызметкерлері тарапынан қызметтік мүддені сату деректері ашылды

Орал. 17 қазан. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облыстық прокурорлары түрмелерде жазасын өтеушілер тарапынан жазаны өтеу режимін бұзу деректерінің бетін ашты.

Олар түзету мекемелеріне тыйым салынған заттарды, атап айтқанда, соның ішінде ұялы телефондарды алып өту мүмкіндігіне ие болған. Түрмеде ұялы телефонды пайдалану сотталғандарға қылмыстық байланыстарын одан әрі жалғастыруға ғана емес, сонымен бірге телефонды пайдаланып жасалатын алаяқтық қылмыстарды жүзеге асыруға, сондай-ақ, есірткі және ішімдіктерді жеткізуді жолға қоюға және оларды асырып беруге жол ашады, дейді құқық қорғаушылар. Тексерулер барысында сотталғандардың қанынан психотроптық және есірткілік заттардың анықталу оқиғалары шықты. Бір жылда шамамен 100 ұялы телефон табылып тәркіленген.

"Біз ұялы телефон арқылы желіге шығу, таныстық сайттарына кіру секілді басқа да деректерді анықтадық",- дейді Батыс Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары Александр Цуранков.

Бұдан былай сотталғандар медициналық тексерулер мен есірткі анықтау тестілерінен тұрақты өткізіліп тұратын болады.

Өз кезегінде, Александр Цуранковтың айтуынша, түзету мекемелерінің әкімшілігі басшылары мен қызметкерлерінің, ұлттық гвардия әскерилерінің тарапынан бұзушылықтарға жол беру оқиғалары да әлі кездеседі.

Сол себепті, әкімшілік қызметкерлерінің өздерінің қызметіне бақылау күшейтіледі, ал түрмедегілерге септесетін әскери қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Осылайша, әскерилер мен түзету мекемелерінің қызметкерлері тарапынан қызмет бабын теріс пайдалану мен қызметтік мүддені сатуға жол бермеу мақсатына барынша назар аударылмақшы. Ең бастысы, осындай заң бұзушылықтардың шығу себептері мен алғышарттарын жою шаралары қолданылуға тиіс, дейді Батыс Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны